"Қашан өлетінімді күтейін бе?": Қызылордалық бойжеткен елден көмек сұрады

14 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
Сурет Жазира Қуанышбайдың парақшасынан алынды

Әлеуметтік желі қолданушысы Жазира Қуанышбай өзіне қауіп төніп тұрғаны жайында мәлімдеді , деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзінің жазбасы арқылы полиция қызметкерлерінің немқұрайдылығын сынға алды.

"Тура Нұрайдың оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр. Қызылордада тұрамын. Полиция мен прокуратураға арызды 2-3 рет жаздым. Жүрген жерімде 102 шақырып қайтамын немесе жалғыз жүрмеймін. Тек бір ғана жауап - мен тірімін. Прокуратура полицияға ысыра салды, бұндай істі қарамайтынын айтып. Ал полицияның алдына барып, бапты көрсеттім, сол адамның барлық дерегін бердім, аңдып жүрген фото-видео дәлел бәрі бар. Сонда да НОМЕНКЛАТУРАЛЫҚ ІС деп жабылды. Сонда мен НҰРАЙ секілді Құдай сақтасын қашан өлетінімді күтейін бе? Мен қашан емін-еркін, қорықпай жүре аламын? Жарты жыл болды, құдайдын құтты күні үйім мен жұмысымның алдына келіп тұрады. Мені танитындардың бәрі оны танып алған. Мен жай ғана үйіме өзім емін-еркін қайтқым келеді. ҚОРЫҚПАЙ!", - деп жазды Жазира Қуанышбай.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 11 қаңтар күні тәтті тағам пісіру үшін дүкенге ұн алуға шыққан 21 жастағы Нұрай Серікбай адам қолынан қаза тапқаны жайында жазған едік.

Тэгтер:

Жазира Қуанышбай Нұрай Серікбай