Роза Әлқожаның ұлы баласының бір жасқа толуын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дүбірлі той кезінде әншінің немересінің тұсауы кесілді. Бұл рәсімді орындау елге белгілі Сәкен Майғазиевке жүктелген.
"Кеш жарық! Кеше ұлымыз бен келініміз алғаш рет өздері той жасады. Біз қонақ болып елмен бірге бардық. Бұған да шүкір! Немереміздің тұсауын кім кеседі деп балалар ақыл сұрағанда ұдайы тап-тұйнақтай болып жүретін өзі сері, өзі қажы Сәкен Майғазиевті құп көрдік. Қазақтың ән әлемінде өз өрнегін салған өнерпаз, ұзақ жылдар бойы сәні мен сырбаздығын сақтап келе жатқан ағамыздың сан қыры жұғысты болсын! Сазға, сөзге жүйрік, діннен хабары бар ерен ұлдың бағын берсін, бабын берсін! Құдай деп жүріп, ата-анасына, еліне құлдай қызмет ететін адал сүт емген азамат болсын!", - деп жазды Р. Әлқода әлеуметтік желіде.