"Мен ешкімді өлтірген жоқпын": Атыраулық хакер мәлімдеме жасады

14 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
Көрнекі сурет ЖИ көмегімен жасалған

Атырау облысында із-түзсіз кеткен отбасы мүшелерін іздеймін деп басы дауға қалған "Атыраулық хакер" ел білуге тиіс жағдаяттар хақында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін оған ресми түрде Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланғанын жария етті.

"Мені іздестіріп жатыр! Егер мен жоғалып кетсем, демек дәл сол сәтте мені Қазақстанға экстрадициялап жіберді деген сөз. Ондай жағдай болса, осы аккаунтта алдын ала толық жазылып қойған видео пайда болады. Мен ешкімді өлтірген жоқпын, Интерпол арқылы іздейтіндей ештеңе істеген жоқпын. Тек қана қарызым бар, сол ғана. Оның үстіне, арызданушыларға прокуратурадан «іс тоқтатылды» деген хабарлама келген, бірақ қарыз қалып қойған. Меніңше, себеп соған байланысты болуы мүмкін, бірақ екіталай (өйткені бұған дейін мен ел ішінде де іздеуде болғанмын). Сол кезде қарыздарды жауып, маған сұрақ болмауы үшін ақша жинау мақсатында қор ашайын деп ойлағанмын, бірақ қаржы жиналмады. Мүмкін, ақша жинау кезінде басқа есепшот болғандықтан адамдар сенбеген шығар. Бәрі Алланың қалауымен. Егер жазмыш болса, одан қашып құтыла алмаймын. Менің бар қалағаным — адамдарға көмектесу еді. Қолдау білдіргендердің бәріне рақмет", - деп жазды ол.

Тэгтер:

Атырау хакер