Шымкентте өрт болған жерден бір адамның мәйіті табылды

Бүгін, 16:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл жағдай тұрғын үйдегі өрттен кейін анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы ақпаратты Шымкент қалалық Полиция департаменті растады.

«Өрттен кейін пәтерден табылған ер адамның өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады», — деді Шымкент қалалық ПД өкілі Бағлан Исатаева.

Оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ өрттің шығу себептері мен ер адамның өліміне не түрткі болғаны анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.

Тэгтер:

Шымкент өрт