Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа сараланған бағамы 510,43 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,72 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 14 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы — 509,75 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы — 510,69 теңге, сату бағамы — 512,77 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 510 теңгеден сатып алып, 517 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды 510,33 теңгеден сатып алып, 512,33 теңгеден сатуда.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 29 желтоқсанда доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге өсті, 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге төмендеді, 31 желтоқсанда 3,02 теңгеге өсті, 5 қаңтарда 5,53 теңгеге өсті, 6 қаңтарда 1,46 теңгеге өсті, 8 қаңтарда 3,19 теңгеге төмендеді, 9 қаңтарда 0,98 теңгеге өсті, 12 қаңтарда 0,24 теңгеге төмендеді, 13 қаңтарда 0,07 теңгеге төмендеді.