Қарағандыда жас жігіт жүк көлігінен аккумулятор ұрлап кеткен

Бүгін, 15:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағандыда полицейлер жүк көлігінен аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағандыда 30 жастағы алыс қашықтыққа жүк тасымалдаушы жүргізушінің үлкен жүк көлігінен аккумуляторлар ұрланып, жәбірленушіге 230 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша жәбірленушінің арызы негізінде Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған аккумуляторларды полиция қызметкерлеріне өз еркімен тапсырды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

Тэгтер:

Жүк көлігі Қарағанды ұрлық аккумулятор