Қазақстанда -40 градус аяз болады

Бүгін, 11:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 15, 16 және 17 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон айқындайды. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

«15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы –30…–40 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде –5…–13 градус, ал оңтүстік-шығыс облыстарда –8…–17 градус, таулы аймақтарда –20…–25 градус аяз күтіледі», – деп хабарлады синоптиктер.

Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанып отыр.

Тэгтер:

Қазгидромет қыс аяз ауа-райы