ҚТЖ пойызда алып жүруге болмайтын заттардың тізімін жариялады

Бүгін, 10:52 / Інжу Әлихан
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушыларға еске салады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді.

Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында пойыздарда бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазіргі уақытта Тальго пойыздарының 630 вагонына (24 құрам) 1 350 бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар 19 бағытта жүретін 46 мейрамхана және бар-вагонда қосымша 92 камера іске қосылды. Барлық бейнематериалдар Ситуациялық орталыққа тікелей түсіп, онда мамандар әрбір төтенше немесе стандарттан тыс жағдайды жедел талдап, тиісті шешімдер қабылдайды.

Компания жолаушыларды бекітілген ережелерді сақтауға және қауіпсіз әрі жайлы сапарды қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.