Павлодарда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Бүгін, 08:05 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Құтқарылған қос азамат Екібастұз қаласына жеткізілген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

112 қызмет пультіне Павлодар облысындағы Бәсентин көлінің маңында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны, көлік салонында екі адам бары туралы ақпарат түсті. Жолаушылар балық аулау мақсатымен шыққан. Алайда қалың қарда көліктері тұрып қалып, өз беттерімен шыға алмаған, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Департаменттің құтқарушылары қажетті құтқару жабдықтарымен толық жабдықталған арнайы техникамен дереу көмекке шыққан. Қалың қар мен жолдың қиындығына қарамастан, құтқарушылар оқиға орнына барынша жедел жетіп, қар құрсауында қалған екі балықшыны эвакуациялады. Құтқарылған екі ер адам Екібастұз қаласына жеткізілген, олар медициналық көмекті қажетсінбеді.