Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде адам мәйіті табылды

13 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Шымкент қаласында тағы да кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкенттегі Асқаров пен Мәнгелдин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде адам мәйіті табылғаны туралы Otyrar редакциясында көрсетілетін «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі ақпарат таратты.

"Полиция адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр, сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң нақты процестік шешім қабылданады екен. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді", - деп жазылған ақпаратта.

Тэгтер:

Шымкент мәйіт