40 жастағы Эвелин Этресс абайсызда кісі өлтірді деген айыппен жауапқа тартылды. Оған ұлы Ноа басынан жараланғаннан кейін айып тағылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айыптау материалында сондай-ақ балаларға қатыгездік көрсету және есірткі қолдану фактілері көрсетілген.
Қайғылы оқиға болған сәтте үйде әйелдің өзінен бөлек алты бала болған: Ноа, екі 4 жастағы қыз, 8 жастағы қыз, 9 жастағы қыз және 13 жастағы ұл. Үш бала негізгі жатын бөлмеде ойнап отырған кезде Этресс бөлмеден қатты тарс еткен дыбысты естиді. Ол жатын бөлмеге жүгіріп барып, жарақат алған ұлын және тапаншаны көреді.
Шақыртуға келген полицейлер сәбиді әлі дем алып жатқан күйінде тапқан, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.
Айта кетерлігі, баспасөз мәслихатында Блаунт округінің прокуроры Памела Кейси кім шүріппені басқанын ашып айтпады, бірақ өлімге әкелген оқ жарақатын баланың өзі емес, басқа біреу салғанын анық меңзеді.