Жамбылда қоршаған ортаны ластаған кәсіпорынға 54 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін, 16:59 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысында Экология департаменті КМК-нің қызметін тексеру барысында ластаушы заттардың нормативтен асып кеткенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сынақ хаттамасына сәйкес, ағынды сулардың сынамаларында тазартудан кейін рұқсат етілген концентрациялар бірнеше ингредиент бойынша асып түскен: оттегінің химиялық тұтынуы, темір, нитрит, фосфат, ОБТ5 және нитрат.

Осылайша, кәсіпорын Экологиялық кодекс нормаларын елеулі бұзушылықтарға жол беріп, хаттама жасалды.

Кәсіпорын директоры сотта хаттамада көрсетілген бұзушылықтар шын мәнінде орын алғанын, бірақ ағынды сулардың төгінділері хаттамада көрсетілген көлемнен едәуір аз болғанын айтты.

КМК-нің кінәсі тексеру нәтижелерімен, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен, суды сынау хаттамасымен, нақты төгілген судың мөлшері туралы анықтамамен және журналмен, сондай-ақ зертханалық зерттеулермен дәлелденді.

Сот КМК-ны ӘҚБтК 328-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 54,9 млн теңгеден астам айыппұл тағайындалды.

Тэгтер:

Айыппұл экология Сот үкім