Оралда 46 жастағы ер адам жанармай құю бекетіне екі тапанша ұстап кірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері самбо тәсілдерін қолдана отырып, 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан пневматикалық және старттық оқсыз тапаншалар тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйінде жанармай құю бекетіне кіріп, темекі сатып алғаннан кейін сыртқы келбеті қаруға ұқсас заттарды көрсеткен. Алайда жанармай құю бекетінің қызметкерлеріне нақты қауіп немесе қоқан-лоққы жасамаған.
Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін кез келген әрекет заң аясында дереу тоқтатылып, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.