Таразда құрдасын ұрып өлтірген 9-сынып оқушысына үкім шықты

Бүгін, 15:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы өзінің құрдасымен төбелесіп, оны ұрып-соққан. Мойынға тиген соққы салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындаған. Жәбірленуші тарап моральдық зиян ретінде өтемақы өндіруді сұраған.

Сот жаза тағайындау барысында сотталушының кәмелетке толмағанын, кінәні ішінара мойындауын және оң қырынан сипатталуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен 9-сынып оқушысы кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

оқушы Жасөспірім төбелес Тараз 9 сынып