Жетісуда ЖИ арқылы жалған түбіртек жасаған жасөспірімдер ұсталды

Бүгін, 15:23 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысында кәмелетке толмаған үш азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz

Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды прокуратурасы сақтықты күшейтуге шақырады, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.

Тэгтер:

Жасөспірім ЖИ түбіртек чек