Ержан Қазыхан АҚШ-пен келіссөздердегі Президент өкілі болды

Бүгін, 14:41 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер жүргізу жөніндегі арнайы өкіл етіп тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді", - делінген Ақорданың хабарламасында.