2025 жылы 49 тонна есірткі тәркіленді

Бүгін, 14:30 / Алуа Арман

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде былтыр 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленгенін баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 4 мың есірткі қылмысының, оның ішінде 2700 есірткі өткізу фактісінің жолын кесті.

«Барлығы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді. Синтетика бойынша прогресс ерекше байқалады, есірткінің бұл түрін алу көлемі шамамен 1,5 тоннаны құрады. Яғни, 4,5 млн бір реттік доза айналымға жіберілмейді. Жедел жұмыс пен инновациялық шешімдер кешенін пайдаланудың жаңа тәсілдерінің арқасында 128 есірткі зертханасы жойылды, оның 28-і синтетика өндірген», - деді спикер.

ІІМ өкілі сондай-ақ Қазақтан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижелеріне тоқталды. Есірткі құралдары мен прекурсорлардың тізбелері өзектендірілді, синтетикалық есірткілерді алу көлемі ұлғайтылды, бұғатталған сайттар мен құқыққа қарсы контент саны ұлғайтылды.

Тэгтер:

Есірткі