Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық өндіріс Алматы облыстық сотында тіркелді. Бұл туралы Сот кабинеті деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс материалдары судьяға бүгін, 13 қаңтар күні тапсырылған.
2025 жылғы 11 қарашада сот ММА жауынгері Арман Әлімовты ұрлап, соққыға жығу ісі бойынша басты фигурант саналатын Қасымбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен еді. Апелляциялық шағым Талғар аудандық сотына 21 қарашада түскен.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс 2021 жылғы маусым айында болған. Кейін сот бұл іс бойынша тағы бес адамды кінәлі деп таныды. Хасан Қасымбаев 2024 жылғы 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Арман Әлімовтың анасы жанжалдың «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобына байланысты болғанын мәлімдеген. Хасан Қасымбаевтың есімі Шерзат Полатты өлтіру ісінде де аталған. Ал Қасымбаевтың өзі бейнеүндеуінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар екенін жоққа шығарған.