«Ертіс» клубының бас бапкері мен бірқатар футболшысы командадан кетті

Бүгін, 11:49 / Інжу Әлихан
fcirtysh.kz

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Ринат Алюетов пен бірнеше ойыншы командадан кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ринат Алюетов пен оның жаттықтырушы штабы «Оқжетпес» футбол клубы құрамында жұмысын жалғастырады.

«Осы орайда клуб атынан бас бапкер Алюетов Ринат Мұратұлына және бүкіл жаттықтырушы штабына шын жүректен алғыс білдіреміз!

Бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндетті орындап, команданы Премьер Лигаға шығардық. Павлодар облысына үлкен қуаныш сыйладық. Сіздерге тек қана жақсылық және сәттілік тілейміз», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ клуб өкілдері футболшылар Владимир Воменко, Нұрғайни Бурибаев, Әділхан Добай, Мохаммед Енсебаев, Нұрали Елемес, Владислав Васильев, Еркебұлан Тұңғышбаев команда сапынан кетті.

Ал Арман Кеңесов, Мирам Кикбаев пен Темірлан Төребек жалға алу мерзімі аяқталып, өз клубтарына қайтып оралғанын мәлім етті

Бұған қоса «Ертістің» спортық директоры Константин Горовенко да қызметімен қош айтысқан.