Психоневрологиялық орталықта аутизмге шалдыққан 13 жастағы баланы ұрып-соққан

Бүгін, 11:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының прокуратурасы психоневрорлогиялық ауруларға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемеде «Жасанды интелект зорлық - зомбылыққа қарсы» жобасын іске асырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты, бейнебақылау камераларында қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлықты бағалайтын және агрессия белгілерін (соққы, айқай, құлау) анықтайтын жүйе енгізілген.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда жасанды интеллект облыстық психоневрологиялық орталығында күзетшінің аутизмге шалдыққан 13 жастағы баланы ұрып-соққанын анықтады.

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (полициямен тергелуде).

Жоба іске қосылған сәттен бастап балаларды ұрып-соғудың екінші оқиғасы анықталды. Бұрын орталықтың санитары атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Тэгтер:

Павлодар ұрып-соғу аутизм психоневрологиялық орталық диспансер