Солтүстік Қазақстандағы қайғылы жағдай: Екінші баланың мәйіті үйінді астынан табылды

Бүгін, 10:03 / Алуа Арман
112

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан ер адам мен екі жас бала қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік ТЖД-ның хабарлауынша, 2024 жылы туған екінші баланың денесі келесі күні үйінділерді тазалау кезінде табылған.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке болған. Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан отбасы отағасы және оның 2022 және 2024 жылдары туған екі жас баласы көз жұмды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ның мәліметінше, өрт туралы хабар өрт сөндіру бекеті №22-нің байланыс пунктіне сағат 19:02-де түскен. Бұл жөнінде СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын басқару басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Әділ Спаен мәлімдеді.

«Шақырту орнына дереу Возвышенка ауылында орналасқан өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Құрамында алты қызметкер және екі автоцистерна болды. Сонымен қатар Булаево қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің күштері де бағытталды», – деді ол.

Тэгтер:

Бала өрт Солтүстік Қазақстан