«Заң мен тәртіп»: ШҚО-да оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған челлендж басталды

Бүгін, 09:11 / Інжу Әлихан
ШҚО әкімдігі

12 қаңтар күні Өскеменде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында 8-11 сынып оқушылары үшін құқықтық челлендждің қалалық кезеңі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Челлендждің ашылуы КММ «№46 орта мектепте» өтті. Іс-шараға 100-ден астам оқушы қатысып, олар өз бастамаларын КММ «№40 жалпы білім беретін мектепке» жолдап, челлендж эстафетасын ресми түрде тапсырды.

Аталған челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру, жеке жауапкершілік пен қоғамдық тәртіптің маңызын насихаттау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қатысушылар креативті форматта өз көзқарастарын білдіріп, күнделікті өмірде заң мен тәртіптің рөлін көрсетті. Іс-шара аясында оқушылар бейнероликтер, үндеулер мен әлеуметтік форматтағы жұмыстар ұсынды.

Құқықтық челлендж апта бойы Өскемен қаласындағы барлық 52 жалпы білім беретін мектептің қатысуымен жалғасады. Бұл бастама оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда заңға құрметпен қарау құндылықтарын нығайтуға бағытталған.