"Өзім зорға жүрмін": Назым Қызайбай отбасылық видео жариялады

12 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Бокстан үш дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіге үй ішімен түскен видеосын жүктеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Демалыс күні. Үйге барып жақындарыммен бірге болдым. Бүкіл отбасымыз жиналдық. Біз әрдайым бірге жиналған кезде міндетті түрде дәмді тамақ ішеміз, билейміз, күлеміз және жақсы уақыт өткіземіз. Би билеп жатқанда әкем келіп, бәрімізді күлдірді. Көңілді күн болды. Осындай сәттер жанға жылулық сыйлайды. Шашыма мән бермеңіздер қиғым келіп... Өзім зорға жүрмін", - деп жазды боксшы.

Бұл бейнежазба спортшының жанкүйерлеріне ұнаған сыңайлы.

"Неткен бақыт! Біз де үйде кішкентай кезімізде солай билейтін едік", "Ой, сіздермен билегім келіп кетті", "Көпке үлгі болатын көрініс", "Осыдан асқан бақыт бар ма?!", - деп жазды көпшілік.

Тэгтер:

боксшы Назым Қызайбай