Көкшетау автовокзалында өрт шықты

12 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
112

Көкшетау қаласының автовокзалы аумағында пайдаланылмай тұрған дүңгіршек өртке оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына келген ТЖД күштері өртті 9 шаршы метр аумақта жедел сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп — электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Тэгтер:

өрт Көкшетау дүңгіршек автовокзал