Масайып, қашып, полиция көлігіне соғылған жүргізушіге үкім шықты

Бүгін, 16:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Шу аудандық соты масаң күйінде көлік құралын басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны  үшін жауапқа тартылған азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізуші 2025 жылдың желтоқсанында Шу ауданы Төле би ауылының аумағында «Honda Odyssey» автокөлігін масаң күйде басқарған. Полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабын елемей, жасырынуға тырысып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, полицияның қызметтік көлігін соққан. Салдарынан полиция департаментіне материалдық шығын келтірілді.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, оны қатаң жазаламауды сұрады.

Ол сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 23 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Полиция Мас көлік жүргізуші