Алматыда заңсыз сатылып кеткен институт мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 15:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке құны 300 млн теңгеден асатын активті қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

 Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2019 жылы «Қазақстан мәдениет зерттеу институты» ЖШС-ның заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды. 

Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды. 

Мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұр және жалғасуда.

Тэгтер:

актив институт жеке меншік