Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 15:04 / Інжу Әлихан
Скриншот

Ақтауда полицейлер мұздай судан батып бара жатқан жасөспірімді алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz

Ведомствоның мәліметінше, 12 қаңтарда сағат 11:09-да полиция қызметкерлеріне Ақтау қаласының жағалауында кәмелетке толмаған баланың теңізге қарай жылдам кіріп бара жатқаны және айналасындағылардың айқайына мән бермегені туралы хабар түскен.

Полицейлер дабылға дереу әрекет етіп, бір сәт те кідірмей суға қарай жүгірген. Кәмелетке толмаған бала екенін анықтаған қызметкерлер өз өмірлеріне төнетін қауіпке қарамастан теңізге кіріп, жасөспірімді жағаға шығарып, оның өмірін сақтап қалды. Полицейлердің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды, - деп хабарлады ведомство.

Полицияда қазір жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық екені, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені айтылды. Кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілуде.