Қазақстандық студент Беларусьтегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Бүгін, 14:26 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Беларусь елінің Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан – жалпы 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.

Байқауда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.

Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.