Солтүстік Қазақстанда өрт болып, әкесі мен баласы қаза тапты

Бүгін, 11:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде өрт болып, әкесі мен баласы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылында болған.

Құтқарушылар келген кезде үй толықтай отқа оранып, түгелдей қираған.

Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы мен кәмелетке толмаған екі баласы болған. Өртті сөндіру және үйінділерді аршу барысында құтқарушылар ер адамның және бір баланың мәйітін тапты. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.

Нақтылай кетсек, өрт салдарынан 38 жастағы ер адам және оның 2022 және 2024 жылы туған екі жас баласы қаза тапқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД басшылығы жұмыс істеуде, психологтар үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Тэгтер:

Бала өрт әке Солтүстік Қазақстан