Шығыс Қазақстанда жол жабылды

Бүгін, 09:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

2026 жылғы 12 қаңтар сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Абай облысы

- «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы – Семей қаласы).

Шығыс Қазақстан облысы

- «Өскемен – Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 13 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

автожол тасжол қыс трасса