«Бір сен едің аңсаған таңым»: Роза Рымбаева марқұм күйеуімен түскен суреттерін жария етті

Бүгін, 06:43 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жұбайымен бірге түскен мұрағаттық фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ерлі-зайыптылардың ескі суреттерін бөлісіп, көрермендерін естелікке жетеледі.

Айта кетейік, Роза Рымбаева мен оның жұбайы Тасқын Оқапов жас вокалистер байқауында танысқан. Сол кездегі таныстық кезінде Тасқын Оқапов Розаның таланты мен сұлулығын бағалап, оны өз ансамбліне шақырған.

Әнші жазбасында сол естеліктерін сағынышпен еске алып: «Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда. Бір сен едің аңсаған таңым алда», – деп бөліскен.