«Түк көрмегендік»: Ақтаулық блогер тілашарда доллардан шашу шашты (ВИДЕО)

Бүгін, 01:22 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Ақтау қаласынан шыққан танымал блогер Салтанат Аманқосова тойда доллардан шашу шашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, той блогердің туған сіңлісі Альбинаның бір жасқа толған қызына арналған. Салтанат Аманқосова бұл қуанышты сәтте доллардан шашу шашқанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Жалғыз жиенім – 1 штук жиенімнің тойы деп көке екеуіміз 1 доллардан 100 штук шаштық. Той құтты болсын, жаным!» – деп жазды блогер.

Желіде жарияланған видео көпшіліктің назарын аударып, қолданушылар түрлі пікір қалдырды. Кейбірі блогердің әрекетін қолдап, жылы лебіз білдірсе, енді бірі Маңғыстау өңіріндегі дәстүрдің сақталғанын атап өтті.

«Мықты, Салтош», «Маңғыстау осы шашу дәстүрін шынымен сақтап қалған топырақ қой. Беташарда шашады, қойып, ақша жинамайды», – деп жазды желі қолданушылары.