Әнші Ерке Есмахан 10 караттық сақинасын көрсетті (ВИДЕО)

Бүгін, 00:53 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде өткен отырыстардың бірінде танымал әнші Ерке Есмахан көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп жазды turkystan.kz.

Өнер иесі құрбыларына 10 караттық гауһар тасты сақинасын көрсетіп, жиналғандарды таңғалдырған.

Әншінің қымбат әшекейін көрген жақындары мен таныстары оған жылы лебіздерін білдіріп, қуанышына ортақ болды.

Әсем сақина желі қолданушыларының да ерекше қызығушылығын тудырды. Пікір қалдырған оқырмандардың бірі: «Менде де дәл осындай сақина болса, мен де мақтанар едім», – деп жазса, енді бірі әншіге бақыт пен береке тілеген.

Осылайша Ерке Есмаханның сән-салтанаты мен талғамы тағы да көпшіліктің талқысына түсті.