«Ұят қайда?»: Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің басынан теуіп, сынға қалды (ВИДЕО)

10 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желіде тараған видеосынан кейін желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбада ол күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге трендке сай видео түсірген.

Аталған жазба «Мен әйеліме сененмін» тренді аясында жарияланған. Видеода әншінің жұбайының басынан теуіп өткені байқалады.

Бұл көрініс көпшіліктің наразылығын тудырды.
Желі қолданушылары пікірлерінде мұндай әрекетті орынсыз деп бағалап, «тренд үшін тым артық кеткен» деген сыни көзқарастарын білдірді.

Дегенмен кейбір желі қолданушылары бұл видеоны әзіл ретінде қабылдап, «қалжың үшін түсірілген», «трендтің бір бөлігі» екенін айтып, өнер иесін қорғап шықты.