Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

10 қаңтар, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

 2026 жылғы 10 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Алматы, Астана қалаларында қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.