Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Министрліктегі кадрлық тағайындаулар туралы Шыңғыс Әлекешев хабарлады.
Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы;
Мұрат Қабденов ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы;
Айдын Қабдулдинов Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы;
Арыстанғани Заппаров Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы;
Абай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы;
Қайыркен Әлиев Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы;
Нұрхат Оразбаев Ұлытау облысы полиция департаментінің басшысы;
Оңал Бекиев Атырау облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.