Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін бірқатар лауазым бойынша кадрлар қабылдау басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және жұмыс істеу үшін төмендегі лауазымдар бойынша қызметкерлер қабылдаймыз:
Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:
- ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
- күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
- ғимараттарды жөндеу шебері.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:
- техникалық жүйелер менеджері;
- сапа менеджері;
- өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.
Мүлікті басқару бөлімі:
- қойма менеджері;
- әкімшілік басқару менеджері;
- қойма шаруашылығы технигі.
Кешенді басқару бөлімі:
- бөлім басшысы;
- кешенді және оқу басқармасының менеджері;
- өндіріс менеджері;
- экономика менеджері;
- әкімшілік басқару менеджері;
- әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
- нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
- станция ауысымының басшысы;
- станция кезекшісі;
- қауіпсіздік менеджері;
- сапа менеджері;
- өндіріс диспетчері.
Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:
- өндіріс диспетчері;
- техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
- жоспарлы жөндеу слесары;
- жабдықтарды жөндеу слесары.
Пойыз бригадалары бөлімі:
- қозғалыс менеджері;
- жол техникасының аға машинисі;
- жол техникасының машинисі.
Басқару және байланыс жүйелері қызметі:
- қауіпсіздік менеджері;
- байланыс шебері;
- дабыл жүйесі шебері;
- дабыл жүйесі технигі.
Электрлік-механикалық қызмет:
- жөндеу шебері;
- жөндеу слесары.
Электрлік жөндеу қызметі:
- энергетик;
- электр монтері.
Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:
- жол монтері (қараушы);
- көпір желісі монтері.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- жоғары немесе арнаулы орта білім (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электрлі техника немесе сабақтас бағыттар);
- тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы.
Біз ұсынамыз:
- Жұмыс берушінің есебінен оқыту / біліктілікті арттыру. Оқу мерзімі – 4 айға дейін. Оқыту Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналастыру.
Түйіндеме CTS-тің https://cts.gov.kz/company/vacancy/ ресми сайты арқылы қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207)