Бұл – еліміз бойынша ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтарының нақты жетістігі. Мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен бес жыл ішінде түрлі диагнозы бар 6,3 мың бала сауығып кетсе, 8,6 мың бала алғаш рет сөйлей бастаған.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру шарасында айтылды.
2020 жылдан бері Қор серіктестерімен бірлесе еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығын ашқан. Соның ішінде бесеуі – аралас үлгідегі «Ainala» орталықтары. Қазір бұл орталықтар жыл сайын 30 мыңға жуық балаға тегін көмек көрсетеді.