Батыс Қазақстанда өртенген үйден екі адамның денесі табылды

9 қаңтар, 2026 / Інжу Әлихан
ТЖМ

БҚО-дағы ауылда жанып жатқан үйден екі адамның мәйіті шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20:11-де Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры мен жеке заттардың жанып жатқанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы шамамен 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері үйден екі адамның мәйітін тауып, сыртқа шығарған.

Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.