Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.