Әнші Саят Медеуов – мәслихат депутаты

Танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды. 

Елімізде соңғы жылдары елеулі өзгерістер орын алуда. Спорт пен өнер саласында жүрген біршама азаматтар сайлауға түсіп, депутаттық мандатқа сайланып жатыр. Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі Саят Медеуовтің депутат болуын өз кезегінде растап отыр. Белгілі болғандай, елімізге танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып тағайындалды. «Сайлау, негізінен, 26 наурыз күні өтті. Сол кезде Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалып, осы уақытқа дейін ауданымызда болған түрлі ресми іс-шараларға қатысып жүр», – деп мәлімдеді Алматы облысы, Қарасай ауданы Мәслихат аппаратының басшысы Қордай Орынбайұлы.

«Қамшы» сілтейді
Back to top button