Қарағандыда КамАЗ бен жеңіл автокөлік соқтығысты

9 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қарағандыда КамАЗ жеңіл автокөлік Chevrolet Nexia-мен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің түсініктемесіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 7 қаңтар күні шамамен сағат 17:30-да Ескі әуежай ауданында болған.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Nexia автокөлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады ПД.

Тэгтер:

КамАЗ жеңіл көлік