Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 3,4 және 6 қаңтар күні Жангелдин ауылының төңірегі, Шадымантүбек, Бесмола және Бірмол аумағында 20 шақырымдық радиуста сүңгуірлер мен су дрондары жұмыс істеген. Алайда нәтиже болмаған. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
"6 қаңтарда Қарасу деп аталатын, көлемі шамамен 30-40 метрдей болатын көлдің асты қаралды. Мұздың астын тесіп, сүңгуірлер түсіру арқылы, сонымен қатар суасты дронын пайдалану арқылы аумағы шамамен 800 метр болатын су асты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда аталған іздестіру жұмыстары бойынша еш нәтиже берген жоқ", — деді департаменттің басқарма бастығы Жантөре Демешов.
Департамент бүгінде бұл жұмыстың тоқтағанын хабарлады.