Қауырсындары мұнайға былғанған аққу ұша алмай қалған

20 сәуір, 2015 / Жәнібек ҒАЛЫМ
ашық дереккөзі
Қауырсындары мұнайға былғанған аққу ұша алмай қалған Қауырсын-қанаты түгел мұнайға былғанған аққуды Ақтөбе облысы Жаңажол кеншіне жақын маңда тұратын тұрғындар тауып алған. Құстың қауырсындарына түгел мұнай сіңіп қанаттары жабысып қалған, - деп жазады, Қазақия газеті. Киелі құсты қиындықтан құтқармақ болған тұрғындар аққудың үстін жуғанымен мұнай қалдығыннан тазарта алмаған.