Air Astana әуе компаниясына тиесілі KC210 рейсі (Сеул – Астана) Бейжің әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды. Бұған әуе кемесіндегі барлық дәретхананың істен шығуы себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазір ақауды қалпына келтіру үшін қажетті қосалқы бөлшек күтіліп жатыр. Ұшудың қайта жалғасуы жергілікті уақытпен түнгі 01:00-ге белгіленді.
Виза талап етілмейтін жолаушыларды қалаға шығарып, қонақүйге орналастыру мәселесі Қытайдың шекара қызметімен келісу сатысында. Ал өзге жолаушылар транзиттік аймақта қалып, тамақ пен сусын, сондай-ақ пледтермен қамтамасыз етіледі.
Әуе компаниясы туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.