2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды

8 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы есеп берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде:

2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты.

Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.

Тэгтер:

ҰҚК қылмыстық іс сыбайлас жемқорлық