Алты облыста автожолдардағы жағдай нашарлайды

8 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» республикалық автожолдардағы ауа-райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 8 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген компанияның хабарламасында.      

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

автожол тасжол