Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өмір мен өлімнің арасы қас-қағым сәт екенін айтып, жан жарына деген сағынышын жеткізген болатын.
Бағдат Әшімованың айтуынша, ол құдай қосқан қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн бірге ғұмыр кешкен. Алайда өмірлік серігінен небәрі үш минуттың ішінде айырылып қалу оның өміріндегі ең ауыр соққы болған.
Сонымен қатар ол жазба астында басу айтып, қолдау білдіріп, артында қалған ұрпақтарына жақсылық тілеген желі қолданушыларға жауап берді.
"Әумин. Әттең уақытты бағаламағаным-ай! Бақытымның базары тез бітеді деп ойламаппын. Жанымды қоярға жер таба алар емеспін", – деп жазды Бағдат Әшімова.