Павлодар тұрғыны "экстремистік жазбасы үшін" ұсталды

Павлодар тұрғыны "экстремистік жазбасы үшін" ұсталды

Павлодар тұрғыны "экстремистік жазбасы үшін" ұсталды
ашық дереккөзі
Павлодар қаласының полициясы әлеуметтік желілерде экстремистік мазмұндағы жазба жариялады деген сезікпен жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 21 жастағы Ж. есімді тұрғы 10 сәуірде жүргізілген рейд кезінде ұсталған. Ол әлеуметтік желі және мессенджер арқылы терроризм мен діни экстремизмді насихаттады деген күдікке ілінген. Күдікті сот санкциясы бойынша екі айға қамалған. Өткен жылдың соңында Павлодар соты жергілікті тұрғынды "трансұлттық қылмыстық топ құрды" және "алауыздық тудырды" деп айыптап, алты жылға соттаған. Сотталушының ұсталуына оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "исламшыл роликті" екінші қайта жариялауы себеп болған. [playlist ids="27431"]