Шығыс Қазақстанда жол жабылды

7 қаңтар, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 07 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жолды 2026 жылғы 08 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

жол қыс Шығыс Қазақстан трасса